2025 жылы ауданда 2 Келешек мектептері пайдалануға берілді
Әр баланың жайлы ортада еркін білім алып, интилектуал тұлғаға айналғаны маңызды. Бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Аталған жоба аясында өткен жылы Арал қаласы мен Сексеуіл кентінде 300 орындық келешек мектебі салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Енді ауыл балалары еңселі әрі жайлы ғимаратта жан-жақты білім алып, бәсекеге қабілетті еліміздің одан әрі дамуына септігін тигізе бермек.
Ұлтымыздың дамуында маңызды рөл атқаратын бұл білім ордаларының әрбіріне 600-дің үстіне бала қабылданып, екі ауысым бойынша жан-жақты білім алуда.
Заман талабына сай салынған келешек мектептерінде шәкірттердің барлық пәнді оқып үйренуіне, ұстаздардың шығармашылықпен еңбек етуіне толық мүмкіндіктер жасалған.










