Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» – ӨҢІР БІЛІМІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» – ӨҢІР БІЛІМІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Астана қаласында өткен баспасөз брифингінде өңірде жүзеге асырылып жатқан білім саласына қатысты біршама жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде Президент бастамасымен қолға алынған ұлттық жоба – «Келешек мектебі» жайында да атап өтті. Білім беру мазмұнын жаңғыртуға бағытталған бастаманы тек қала емес ауыл халқы да көріп отыр. Биыл аймақ басшысы ауданымызға жасаған жұмыс сапарында Сексеуіл кентіндегі 300 орындық «Келешек мектебінің» ашылу салтанатына қатысты. Айта кету керек, бұл – тек төрт қабырға мен шатыр емес. Бұл – бала арманына бастар жол. Мұнда кең әрі жарық сыныптар, заманауи зертханалар, әдемі кітапхана мен жайлы спорт зал, қауіпсіз ойын алаңдары бар. Мұндай мектеп баланың білімге құштарлығын оятады, еселейді. Себебі бұл армандайтын ғана емес, сол армандар орындалатын орта.
Білім ұясының басты ерекшелігі – оқыту үдерісінде инновациялық әдістердің кеңінен қолданылуы. Мұғалімдер үшін кәсіби дамуға жағдай жасалып, біліктілікті арттыру, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде білім сапасын арттырумен қатар, оқушы мен ұстаз арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа білім беру ортасы қалыптасып келеді.
Мемлекет басшысы жариялаған білім саласындағы басымдықтар мен облыс әкімдігінің нақты қолдауының арқасында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы айырмашылықты азайтуға мүмкіндік туып отыр. «Келешек мектебі» жобасы – өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция.
Осындай ауқымды жобалардың жүзеге асуына тікелей қолдау көрсетіп отырған ел басшылығына, облыс әкімдігіне және жауапты сала мамандарына білім саласы өкілдері атынан зор алғыс білдіреміз. Бұл бастама алдағы жылдары да өз жалғасын тауып, өңірдегі білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеретініне сенім мол.
К.Т.СУЛЕЙМЕНОВА,
№294 «Келешек мектебі» директоры
23 желтоқсан 2025 ж. 322 0