Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери оқу-жаттығу шеберлік сағаты өткізілді

Әскери оқу-жаттығу шеберлік сағаты өткізілді

Жастардың отансүйгіштік рухын нығайтып, әскери даярлық деңгейін арттыру мақсатында “QAISAR” жобасы аясында әскери оқу-жаттығу бағытындағы шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға белсенді жастар, еріктілер мен әскери-патриоттық бағытқа қызығушылық танытқан жас буын өкілдері қатысты.
Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға бастапқы әскери дайындық негіздері, саптық дайындық элементтері, төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәсілдері, тактикалық қозғалыс пен алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары жан-жақты түсіндірілді. Тәжірибелі нұсқаушылар жастарға әскери тәртіп, жауапкершілік пен ұжымдық бірліктің маңызын нақты мысалдар арқылы көрсетті.
Аталған шараның басты мақсаты – жастардың ел қауіпсіздігіне деген жауапкершілік сезімін арттыру, әскери қызметке деген қызығушылығын ояту және салауатты өмір салтын насихаттау. Қатысушылар шеберлік сағатының мазмұнды әрі тәжірибеге негізделген форматта өткенін атап өтіп, мұндай әскери-патриоттық іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуы қажет екенін жеткізді.
#АМАНАТ
06 ақпан 2026 ж. 59 0