Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДАЛА ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

ДАЛА ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

“AMANAT” партиясының “QAISAR” әскери-патриоттық жобасы аясында “Жастар” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен аудан жастары үшін дала оқу-жаттығулары өткізілуде. Жобаның мақсаты – жас буынның әскери-патриоттық дайындығын нығайту, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және елін қорғауға деген жауапкершілік сезімін арттыру.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар саптық дайындық, тактикалық қозғалыс, алғашқы медициналық көмек көрсету, карта мен компасты қолдану, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тәжірибелік сабақтардан өтуде. Жастарға әскери сала мамандары мен тәлімгерлер бағыт-бағдар беріп, теориялық түсіндірулермен қатар практикалық тапсырмалар орындауға мүмкіндік жасалды.
Шараға қатысқан жастар мұндай жаттығулардың маңызын ерекше атап өтіп, ел қорғаны болуға деген ынталарын білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай оқу-жаттығулар жастардың төзімділігін арттырып қана қоймай, тәртіпке, ұжымдық әрекет етуге және шынайы жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
05 қараша 2025 ж. 249 0