Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ" ЖОБАСЫ БЕЛСЕНДІ ӨТКІЗІЛУДЕ

"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ" ЖОБАСЫ БЕЛСЕНДІ ӨТКІЗІЛУДЕ

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «ЖАСТАР» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен белсенді жастар ауданымыздағы ардагерлердің үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қажетті қол көмектерін көрсетті. Ардагерлер жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Қарттарымызды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашан сыйлау – қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті. Жастардың көмегі қарт кісілердің көңілін көтеріп, күш беріп қана қоймай, ертеңіне деген сенімділігін арттыра түседі.
Жастардың бастамасы болған игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

#AMANAT
09 қыркүйек 2025 ж. 303 0