Жоба аясындағы жақсылық

Қарттарымызды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашан сыйлау – қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті. Жастардың көмегі қарт кісілердің көңілін көтеріп, күш беріп қана қоймай, ертеңіне деген сенімділігін арттыра түседі.
Жастардың бастамасы болған игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенеміз.
О. ЖОЛДАСОВ