Тазалық марафоны бастау алды
«Жас келсе іске» деген дана халқымыз әркез елдің болашағы мен бүгіні жастардың қолында екенін бүкпесіз айтқан. Сол сенім артқан жастардың жаңа буыны қазір де қоғамда өздерінің орнын айшықтап, өркениеттің озық үлгісін көрсетіп келеді. Қазір қоғамда «еріктілер» деп екпінді топ бар. Бірі қоғамның әлжуаз топтарына көмекттессе енді бірі қала мен туған өлкесінің тазалығына атсалысып келеді. Олар ешкімнің қамқорлығы мен көмегіне мұқтаж емес. Еңбектеріне де ешкіммен ақы сұрауға пейіл емес. Өйткені олардың өр кеудесі мен жұдырықтай жүрегінде еліне жеріне деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім бар. Мұндай жастар ауданымызда да бар. Міне сол жастар бір шоғыры 12 тамыз – Халықаралық Жастар күніне орай жастар орталығының бастауымен алғашқы шара «Эко марафон» акциясы қала жастарының қатысуымен өткізілді.
Бұған дейін «AILAQ» жастар ресурстық орталығы апталық шара жоспарлаған болатын.Шараның негізгі мақсаты – қала жастарын қала тазалығын сақтауға шақыру, тазалық сақтауға үндеу. Бұл мақсатқа бір кісідей жұмыла кететін жастар қатары жоқ емес. Тек оларды осындай шараларға тарта білу маңызды. Алдағы уақыттада қала жастарымен бірге тазалық акциялары өткізілмек. Өйткені бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі алдымен өзіміз үшін және қаламыздың тазар әрі көрікті болуы үшін.
"Толқын" газеті