Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жастар күні қарсаңында жаңа сайт іске қосылады

Қызылордада жастар күні қарсаңында жаңа сайт іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. Өңірде жастар күніне орай «Жастар апталығы» жарияланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Бауыржан Мастеков мәлімдеді.
«Жастар апталығында түрлі форматтағы 72 шара карантиндік режимді сақтай отырып, өткізіледі. Бұған қоса, жастар саясатының ақпараттық бағыттағы жұмыстарын күшейту мақсатында «Molodezhkyz» сайты іске қосылады. Аталған интернет ресурсына өңір жастарына қатысты күнделікті ақпараттар мен жаңалықтар жарияланады. Көшбасшылар жайлы тың мәліметтер, қажетті кітап қорының электронды нұсқасы да қамтылатын болады.
Жастардың қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнамалар ұйымдастыру тетігі де қарастырылған. Сондай-ақ, Сыр жастары «Birgemiz: Asyl Mura» бағыты бойынша Қоғалыкөл іргесіндегі «Қыш қала» археологиялық аймағына экскурсия ұйымдастыруда. Себебі, төл тарихтың парақтарын ақтара отырып, әрбір азамат туған өлкесінің тарихын білуі керек»,-деді Бауыржан Қайырбекұлы.
«Еліміздің өсіп-өркендеуіне орасан үлес қосып жүрген өңір жастарын айтулы мерекемен құттықтаймын. Сонымен қатар, жастар күніне орай өтетін шаралар легі карантиндік талаптарды сақтай отырып, жастарды белсене қатысуға шақырамыз»,- деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы.
11 тамыз 2020 ж. 733 0