Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

АУЫЛ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауылдық округтер жастарының азаматтық белсенділігін арттыру, шығармашылығын шыңдау, тиісті сала мамандарын қатыстыра отырып кеңес беру, мемлекекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттау мақсатында кешенді шаралар өткізілді.Аудандағы Ақирек, Бекбауыл, Аралқұм және Сапақ ауылдық округтерінде жастарға кеңес беру, жастар арасында арқан тарту мен батпан көтеру сайыстары және аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Сонымен қатар, шара барысында ауыл жастарымен кездесулер өткізіліп, еркін пікір алмасулар өткізіліп, спорттық сайысқа қатысқан жастар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
02 қазан 2018 ж. 1 225 0