ЖАСТАР ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Менің жерім» атты өлкетану экскурсиясына барлығы 35 студент жас пен жас мамандар қатысты. Жастар бірінші кезекте, Ақирек ауылдық округі маңындағы «Арыстан Баб» кесенесіне, содан соң Аманөткел ауылдық округіндегі «Бекетай» кесенесі мен «Бәсібек» сағанатамымен танысты. Саяхат барысында жастар көптеген тарихи оқиғаларды, тарихи орындар жайында халық арасында тараған аңыздар мен қызықты танымдық фактілер туралы естіп-білді.