СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Осы мақсатта, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Арал аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар мамандарының құзыреттілігін арттыруды позициялау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Тренингке облыстағы барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтарының мамандары мен аудандағы қала, кенттер мен ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандары қатысып, өз ойларын ортаға сады.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар топтарға бөлініп, жастармен жұмыс жүргізудегі басты кедергілер және оларды шешу жолдары бойынша жобаларын ұсынды.
Жиын қорытындысымен қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.