"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы өткізілді
«AMANAT» партиясы аға буын өкілдеріне қамқорлық жасау мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Соған сәйкес бүгін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында "Аудандық диагностика" бастауыш партия ұйымының мүшелері бірқатар ардагерлердің үйіне барып және емханада да медициналық тексеру жасады. Қарт кісілер үйден шықпай-ақ, дәрігерлерге қаралып, кеңес алды. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы егде жастағы адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің мониторинг жоспарын іске асыру мақсатында өткізілді.
#AMANAT