"Ардагерлерді ардақтайық!" акциясы өтуде
Өмірде адам баласының тағдыры әрқилы. Олардың арасында өзге жанның көмегіне зәру жандар қаншама?! Үлкенге құрмет көресетуді және оларға жәрдем беруді өздеріне мақсат еткен аудандық "Jas Otan" жастар қанаты бөлімшесінің бастауыш бөлімшелері «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өз акцияларын бастады.
Акцияның мақсаты – ардагерлерді үлкен кісілерге әрдайым қол ұшын созу, олардан өнегелі тәлім тәрбие алу және сала ардагерлерін кеңінен насихаттау. Аралдық жасотандықтар аталған акцияны 1 ай көлемінде ұйымшылдықпен өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай жандардың бірі қала тұрғыны, зейнеткер қарт Әлияш Жәрімбетова әжей. Ол:
–Қайырымдылық жасағысы келетіндердің саны жыл санап артып келеді. Үлкенге құрмет көрсетіп, жәрдем бергендеріңнің өзі еліміздің татулығын, ауызбірлігін көрсетіп отыр. Ардагерлер қашанда көмекке мұқтаж, сендердің бұл жақсы бастамаларыңды іштей таразылап қуанып отырмын. Иігі істер тұрақты жаоғасын таба береді деп ойлаймын, – дейді қарт әжей батасын берді ерекше ықыласпен.
Үлкендердің ризашылығы біз үшін үлкен мәртебе. Біз үшін үлкенге құрмет көрсету «Рухани жаңғырумен» үндес. Осы бастаманы әрі қарай да жалғасын табатын болады.
Ержан ӘДІЛЖАНҰЛЫ,
"Jas Otan" жастар қанаты бөлімше басшысы