«30 игі іс» акциясы жалғасуда

Айтар болсақ, «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» республикалық акциясына аралдық «Jas Otan» ЖҚ бөлімшесі өз үлесін қосты. "Жас отандықтар" акция аясында қаламыздың тұрғыны Натипа әжеміздің үйіне барып қолғбасы жасай отырып үй ауласын тазарту жұмыстарын жүргізді. Бір топ жастардық қайырымды да қайырлы істеріне риза болған Натипа әжеміз жастарға өзінің алғысын ақ тілегімен жеткізді. Аталмыш акция алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.


