Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық керуені Аралда

Қайырымдылық керуені Аралда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Абуов жұмыс сапарымен Арал ауданына барып «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасына қатысты.
ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен бастау алған қайырымдылық керуені – республикалық деңгейде қолға алынған акция. Аталған акция аясында Бас имам Болатбек Абуов және «Зекет» қорының Сыр өңіріндегі жауапты өкілі Онталап Жидебеаев аралдық 30 отбасына азық-түлік қоржындарын үлестірді.
Аудандағы игі шара Сексеуіл кентіндегі «Тілеуқұл ишан» мешітінің жаңа ғимаратының құрылыс барысымен танысуға ұласты. Екі қабаттан тұратын жаңа ғимараттың құрылыс жобасына сәйкес, бір мезетте мешітте 1000 адам құлшылық жасай алатын болады.
https://kyzylorda-news.kz/
28 қыркүйек 2020 ж. 1 049 0