Партия тынысы: Үлкенді сыйлаған елміз

"Қарт адамдарға, ата-аналарына құрмет көрсетілмейтін мемлекет құлдырауға жақын" деген көнеден келе жатқан ойшылдардың сөзін айта кетейік. Осы ретте тәуелсіз елімізбен бірге жасасып келе жатқан "Nur Otan" партиясы да қазыналы қарттарды естен шығарған емес. Әркез тілеуі елдің, жердің амандығы, мемлекет пен жас ұрпақтың бақыты болып отырған қазыналы қарттарды құрметтеу үшін "Nur Otan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Арал ауданына қарасты Сексеуіл кенті, Аманөткел, Қамыстыбас, Аралқұм, Сапақ, Шижаға елді мекенінде тұратын қарияларды мерекелерімен құттықтап, хал-жағдайларын сұрап, ауданымызда болып жатқан жаңалықтармен бөлісті. Сонымен қатар "Жеңіс", "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне арналған қайырымдылық жобасы бойынша дайындалған азық-түлік себеттері сыйға берілді.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуының ғана емес, тәуелсіздікке дейінгі уақыттардың да куәгері болып, өткен мен бүгінгі күнді, болашақты бағдарлай алған қариялар өз кезегінде партия мүшелеріне алғысын айтып, батасын берді.
"Толқын" ақпарат