Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагермен кездесу

Ардагермен кездесу

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерінің, тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, еліміздің рухы берік, асқақ елге айналуына қосқан үлестері мен еңбектері ерен.Осы орайда, Сексеуіл локоматив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі ооынбасары, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Еркебұлан Аяғанов Арал ауданы Сазды ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы, тыл алдагері Зәкір Кеншімбаевтың үінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда «Nur Otan» партиясының бағдарламалық жұмыстарын таныстыра отырып, ауданда атқарылған ауқымды істерді қозғай отырып, жағымды жаңалықтардың легінен хабардар етті.
Еркін пікірталас соңында ардагер алдағы сайлауға сәттілік тілеп, жасалынып жатырған жұмыстарға жіті назарда отыратынын жеткізді. Сайлауға қатысып жатқан үміткерлерге ақ батасын беріп, жылы шыраймен шығарып салды.


«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан бөлінді
24 желтоқсан 2020 ж. 543 0