Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Nur Otan» партиясының кезекті конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясының кезекті конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық партия филиалының кезекті XXVIIІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Онлайн форматта өткен жиынға «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Оразбаев және партия мүшелері қатысты.
Жиынның күн тәртібіне бірнеше мәселе ұсынылып қаралды. Соның бірі – «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау. Делегаттар күн тәртібіне сәйкес, партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлады. Кеңес құрамы 33 адам болса, оның 19-ы жаңа мүшелермен 58 пайызға жаңарды. Олардың 36 пайызы, яғни 12-сі нәзік жандылар, 21 пайызын жастар құрайды.
Жиында сондай-ақ облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің, бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары жөнінде партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйла Төрешова есеп берді.
«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларын өткізу тұрғындармен кері байланыстың және олардың сеніммен бас тіреп келетін орны десек болады. Есепті мерзімде партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан 17418 өтініш түсіп, олардың 11192-сі оң шешімін тапқан.
Партия филиалының ақпараттық-идеологиялық жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Әрбір әлеуметтік топтардың мәселесін шешуге бағытталған партиялық жобалар да өзінің нәтижесін беруде. Атап айтсақ, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында есепті мерзімде соғыс ардагерлері мен 3 мыңнан астам тыл ардагерлеріне қолдау көрсету жұмыстары жүргізілген. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мен оларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 800-ге жуық мекемеге мониторинг жасалып, олардың 50-не айыппұл салынған. «Бақытты отбасы» жобасы аясында республикада алғаш болып аудандық деңгейде Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған «Бақытты отбасы» орталығы ашылған.
Жиын барысында атқарылған жұмыстар сарапқа салынып, алдағы жоспарлар талқыланды. Партия мүшелерінің алдына халықпен етене жақын болып, олардың мәселелеріне мән беру керектігі ерекше назарға алынды.
«Толқын» ақпарат
07 мамыр 2021 ж. 486 0