Ардагерлерге қолғабыс жасалды
Қоғамда үлкендердің еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің маңызды өлшемі. Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі – “Ардагерлерді Ардақтайық” жобасы. Аталған жоба аясында “Жастар” бастауыш партия ұйымының мүшелері қаламыздағы ардагерлерге көмек көрсетіп, олардың аулаларын қардан тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.Қыстың қытымыр аязында қар күреу – әсіресе жасы үлкен жандар үшін оңай емес. Мұны ескерген жастар ардагерлердің үйлерін аралап, аула мен кіреберіс жолдарын тазалап, отын-көмірін реттеп, тұрмыстық шаруаларына қолғабыс жасады. Игі іске белсенді жастармен қатар еріктілер де атсалысты.
Жастардың айтуынша, бұл – тек бір реттік акция емес, аға буынға деген құрметтің нақты көрінісі. Олар ардагерлермен әңгімелесіп, ақыл-кеңестерін тыңдап, өмірлік тәжірибесінен тағылым алды. Кездесу барысында үлкендер батасын беріп, ел болашағына сенім білдірді.
#АМАНАТ












