Ардагерлерге қолғабыс жасалды
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Октябрь» бастауыш партия ұйымының мүшелері көп жылдар бойы білім саласында табанды еңбек еткен ардагер ұстаз, ақжаулықты ана Бодықова Боранбике апайдың шаңырағына арнайы барып, қолғабыс көрсетті.Игі шара барысында партия мүшелері қыстың қақаған аязында ардагер ананынң ауласы мен үй маңын қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп, күнделікті тұрмыста қажетті көмектер көрсетті. Бұл – ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықтың айқын көрінісі, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды бастама.
Шараға қатысушылар ардагер ұстаздың ел дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. Осындай тағылымды кездесулер жастарға өнеге болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді ұлттық құндылықтарды дәріптеуге септігін тигізеді.
#АМАНАТ











