Ардагерлерге үйден медициналық кеңестер берілді

Шара барысында дәрігерлер ардагерлердің денсаулық жағдайын тексеріп, қан қысымын өлшеп, жалпы жағдайларын бақылаудан өткізді. Сонымен қатар, созылмалы аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану және дәрі-дәрмектерді қолдану тәртібі бойынша пайдалы кеңестер берілді.
Мақсат – ардагерлердің денсаулығына жіті көңіл бөліп, оларға қажетті медициналық қолдау көрсету. Осындай игі шаралар арқылы ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықтың қоғамда арта түсуі – “AMANAT” партиясының басты міндеттерінің бірі.
#АМАНАТ