Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде

“AMANAT” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету шаралары жүйелі түрде жалғасын табуда. Осыған орай “Аудандық диагностика” бастауыш партия ұйымының бастамасымен арнайы іс-шара ұйымдастырылып, медицина қызметкерлері ардагерлердің үйлеріне барып, денсаулықтарына тексеру жүргізді.

Шара барысында ақ халатты абзал жандар ардагерлердің қан қысымын өлшеп, жүрек соғысын тыңдап, қандағы қант мөлшерін анықтап, толыққанды тексерулер жасады. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар қарияларға дәрігерлік кеңес беріліп, күнделікті күтіну жолдары түсіндірілді. Ардагерлердің денсаулығын жақсартуға бағытталған бұл бастама олардың көңіл-күйіне ерекше әсер етті.
Ардагерлер өздеріне көрсетілген құрмет пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, осындай игі шаралардың жиі ұйымдастырылып тұруының маңыздылығын атап өтті. “Денсаулық – басты байлық. Бізге осындай қолдау көрсетіп отырған дәрігерлер мен партия өкілдеріне алғысымыз шексіз”, – деп пікірін білдірді қариялар.
#“AMANAT”
30 қыркүйек 2025 ж. 160 0