Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Ел дамуы жолында табанды еңбек етіп, саналы ғұмырын қоғам игілігіне арнаған ардагерлерге құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі. Осы игі мақсатта “AMANAT” партиясының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында “Энергосеть” және “Барскелмес” бастауыш партия ұйымдарында ардагерлермен мазмұнды кездесу шарасы өтті.Шараға бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, еңбек ардагерлері, қатысты. Кездесу барысында бастауыш партия ұйымдарының төрағалары сөз сөйлеп, ардагерлердің ел экономикасын дамытуға, өндіріс пен қоғамдық салада тұрақты жұмыс істеуге қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ардагерлердің өмір жолы, адал еңбегі мен жинақтаған тәжірибесі бүгінгі жас буын үшін өнеге екені айтылды.
Өз кезегінде ардагерлер де еңбек жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, тәуелсіз еліміздің дамуына куә болған кезеңдер туралы ой қозғады. Олар көрсетіліп отырған құрмет пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, елдің бірлігі мен тұрақтылығы жолында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Кездесу соңында ардагерлерге арнайы сый-сияпаттар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Бұл шара – аға буын өкілдеріне деген шынайы құрметтің, еңбектеріне білдірілген алғыстың нақты көрінісі болды.












