Партия ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Атап айтқанда, партия ардагерлері Жоланов Алдаберген мен Кабатаева Дарихаға арнайы барып, мерекелік құттықтау жасалды. Ізгі тілектер білдіріліп, сый-сияпат ұсынылды. Шара барысында ардагерлердің көп жылғы еңбегі ерекше аталып өтті. Олар елдің дамуына, қоғамның өркендеуіне, партия жұмысының жандануына өз үлестерін қосқан ардақты азаматтар саналады.
Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, елдің бірлігі мен ынтымағы арта берсін деген ақжарма тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, жас буынға білім мен еңбекке адал болуды, елге қызмет етуді аманат етті.
Партия өкілдері қарттарға қамқорлық көрсету – әрқашан басты назарда болатынын атап өтті. Қарттар күні аясындағы мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ардагерлерге деген құрмет арта түспек.
Қариясын ардақтаған халықтың ырысы мен берекесі артады. Сондықтан ел үшін еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету – баршамыздың азаматтық парызымыз.
#АМАНАТ