Нәзікжанды партия мүшелеріне құрмет көрсетілді
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Онда партия белсенділері мен түрлі салада еңбек етіп жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.Мерекелік іс - шарада «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, «Аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мамбетов Жасұлан Серікұлы қатысып, әйел-аналарды көктем мерекесімен құттықтады.
		





		
		



