Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аманөткел» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтті

«Аманөткел» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтті

Бүгін "AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалы "Аманөткел" бастауыш партия ұйымының есеп беру жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде біріншіден, "Аманөткел" БПҰ-ның атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері, оның ішінде сайлауалды бағдарламаларды іске асыру жөнінде, сонымен қатар партиялық жобалар аясында орындалған бірқатар шаралар төңірегінде хабарлама тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша "Аманөткел" бастауыш партия ұйымының атынан Арал аудандық партия филиалының XLII конференциясына делегаттар бекітілді.
Сондай-ақ, "Аманөткел" бастауыш партия ұйымының жаңа төрағасы болып Алипов Рысжан Жубатырович болып сайланды.
10 тамыз 2023 ж. 95 0