Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш ұйымдардың басшылары жаңарды

Бастауыш ұйымдардың басшылары жаңарды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалына қарасты барлық бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді.
Алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылыған жиындар партияның 11 аумақтық филиалына қарасты 239 бастауыш партия ұйымының барлығында «ZOOM» бейнебайланыс жүйесі арқылы онлайн түрде өткізілді. Жиындарға партия мүшелерінің 70%-тен астамы қатысты.

Күн тәртібінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, партияның сайлауалды бағдарламаларын орындау жөніндегі Жол картасының, партиялық жобалардың жүзеге асырылуы талқыланды. Бастауыш ұйымдар алдында тұрған нақты міндеттерді белгілеу, жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін, партиялық тәртіпті және партия мүшелері құрамының сапалылығын қамтамасыз ету және т.б мәселелер қаралып, кезекті ХХVІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.

Онлайн форматта өткен жиналыстарда 47 бастауыш партия ұйымының төрағалары белсенді партия мүшелері қатарынан жаңадан сайланды. Жаңа төрағаларды сайлау барысында 30% әйелдер мен 20% жастар квотасы ескерілді. Бастауыш партия ұйымдары төрағалығына сайланған азаматтардың қатарында мәслихат депутаттары да бар.

syrboyi.kz
28 сәуір 2021 ж. 598 0