Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйымдары есеп беруде

Бастауыш партия ұйымдары есеп беруде

Арал аудандық Саяси кеңес Бюросы қаулысымен Арал аудандық филиалға қарасты 33 бастауыш партия ұйымдарында кезекті есеп беру жиналыстарының мерзімі бекітілді.
Партияның негізгі тірегі қашан да бастауыш партия ұйымдары болып табылады. Олар партия тарапынан атқарылып жатқан барлық істердің негізгі ұйытқысы.
19 сәуірден бастау алған жиналыстар легі қарқынды жүргізіліп жатыр. Пандемия салдарынан барлық бастауыш партия ұйым жиналыстары онлайн форматта ZOOM платформасында өткізілуде.
Есеп беру – сайлау  жиналыстарының күн тәртібінде:
БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;
Төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау;
Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.

"Толқын" ақпарат
22 сәуір 2021 ж. 395 0