Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Қарттарым есен бармысың...

Қарттарым есен бармысың...

Бүгін қаладағы Руханият орталығында мерекеге орай қала мен аудандардан келген ардагерлердің құрметіне салтанатты шара ұйымдастырылды. Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев ел ағалары мен ақ жаулықты аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, шынайы лебізін білдірді.

– Құрметті қариялар, ардақты ардагерлер, Сіздерді 1 қазан – халықаралық Қарттар күні мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн – еңбегімен елге өнеге, парасатымен ұрпаққа үлгі болған, ғибратты ғұмыр кешіп келе жатқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға тағзым етіп, ізет білдіретін қастерлі мереке. Өмір жолындағы сан қилы қиындықтарды сабырмен еңсеріп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Халқымызда «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген қанатты сөз бар. Сіздердің ақ баталарыңыз, жүрек жылуларыңыз, ізгі тілектеріңіз әрдайым болашаққа жол ашып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайта береді. Арамызда әрдайым ақылшы бола жүріп, еңселі еліміздің іргелі істерін бірлесе атқаратынымызға сенімім мол, – деді аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы.
Көңіл марқайтар рухани шараның төрінен табылған ардагерлер мерекеге орай ерекше құрмет көрсетіп жатқан аудан әкімі бастаған ел азаматтарына ерешке ризашылықтарын білдіріп, өздерінің елге деген шынайы пейілдерін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

---
01 қазан 2025 ж. 216 0