Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттар күніне арнаған аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің құттықтауы

Қарттар күніне арнаған аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің құттықтауы

Ардақты ағайын! Қадірлі қазыналы қариялар!
Жас ұрпаққа батасымен жол ашқан, жақсыға тілектес, ақылы дария қариялар, баршаңызды Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз қай кезде де «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деп, қарттарын қадірлеп, ақсақалын ардақ тұтқан. Сіздер бүгінгі күннің тірі шежіресі ретінде біз үшін даналықтың қайнар көзі болып келесіздер. Әбір іс Сіздердің ақ баталарыңыздан бастау алады. Сондықтан да әрбіріңіздің қажырлы еңбектеріңіз бен жетістіктеріңізді үлгі тұту баршамыздың парасатты парызымыз.
Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаюы, жаңа ұрпақтың бейбітшілікте бақытты өмір сүруі жолында аянбай жасаған ерлікке пара-пар істеріңізді  біз әрдайым бағалаймыз және қадір тұтамыз.
Ардақты ардагерлер, ақ жаулықты аналар!
Бүгінгі мерейлі мереке күні барша ардагерлер қауымына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулеттеріңізге амандық, ырыс-несібе тілеймін!
Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуаттарыңыз сарқылмасын!
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов

01 қазан 2023 ж. 163 0