Ардагерлерге қолғабыс жасалды
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Жастар» бастауыш партия ұйымының мүшелері қаламыздағы ардагердің үйіне барып, тұрмыстық көмек көрсетті.Іс-шара барысында жастар үй айналасын ретке келтіріп, шаруашылық жұмыстарына қолғабыс жасады. Сонымен қатар ардагердің хал-жағдайын сұрап, құрмет пен ізет білдірді.
Аталған бастама ардагерлерге қамқорлық көрсетуге, жастардың бойында жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Партиялық жоба аясындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.



#AMANAT










