Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша мониторинг жұмысы жүргізілді
Көктемгі қар еріп, өзен суларының деңгейі көтерілетін кезең таяған шақта аудан аумағында су тасқынының алдын алу бағытындағы дайындық жұмыстары күшейтілуде. Осыған орай бүгін аудандық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Батырхан Орымбайұлы Прекеев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және тиісті сала мамандары дария бойындағы қорғаныс нысандарын аралап, мониторинг жұмыстарын жүргізді.Фракция мүшесі Батырхан Прекеев табиғи апаттың алдын алу – тек төтенше жағдай қызметтерінің ғана емес, барлық жауапты құрылымдардың бірлескен жұмысына байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, көктемгі кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дайындық жұмыстары ерте басталып, жүйелі түрде бақылауда болуы тиіс деді.
#АМАНАТ











