Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі су тасқындарының алдын алу дайындығына мониторинг жүргізілді

Көктемгі су тасқындарының алдын алу дайындығына мониторинг жүргізілді

«AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы жанынан құрылған су тасқынының алдын-алу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшы топ құрамы тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып Қаратерең ауылдық округіне қарасты  Ақлақ су торабаныда  болды.
Жұмысшы топ құрамында  Арал аудандық мәслихаттың  және «AMANAT» партиясы  Арал аудандық филиалының төрағасы Төреахметов Базарбай Шөменұлы, аудандық мәслихат депутаты Прекеев Батырхан Орымбайұлы, «Қазсушар»  РМК Қызылорда филиалының «Сат бөгеті және Ақлақ су торабы» өндірістік учаскесінің бөлім басшысы Б.Абдраймов  және Қаратерең ауылдық округінің әкімі Б.Маханов болып, Қаратерең ауылдық округіне қарасты Ақлақ су торабының  жай күйімен танысты.
Зерделеу барысында, көктемгі мұз жүру кезінде су тасқынының алдын-алу бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланып, тиісті сала мамандарына жағдайды жіті бақылау ұсынылды. Адам қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болғандықтан бұл бағыттағы жұмыстар басты назарда болу қажеттігі айтылды.
#AMANAT
#КПК
#МОНИТОРИНГAMANAT
14 ақпан 2025 ж. 64 0