Су тасқынының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді

Жұмысшы топ құрамында «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы, аудандық мәслихат депутаты Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы, Арал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Сыдықов Айдос Мұратұлы, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ниязымбетов Диас Аралбайұлы және Аманөткел ауылдық округінің әкімі Абраманов Қайрат Шындалыұлы болып, Сырдария өзенінің Аманөткел ауылдық округіне қарасты жағалауындағы ахуалдың жай күйімен танысты.

Зерделеу барысында, көктемгі мұз жүру кезінде су тасқынының алдын-алу бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланып, тиісті сала мамандарына жағдайды жіті бақылау ұсынылды. Адам қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болғандықтан бұл бағыттағы жұмыстар басты назарда болу қажеттігі айтылды.