Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Аудан әкімінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі өкімімен Арал ауданы әкімінің аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы лауазымына Ниязымбетов Диас Аралбайұлы тағайындалды.
Диас Аралбайұлы - 1991 жылы 7 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2013 жылы «Болашақ» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Қаратерең ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметінен бастаған.
2018 - 2020 жылдары Арал аудандық білім бөлімінің бас маманы;
2020 - 2021 жылдары Арал аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
2021 - 2023 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы;
2023 жылдың қыркүйек айынан Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.
Отбасылы.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
11 қыркүйек 2024 ж. 121 0