Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары тағайындалды

Білімі жоғары, 2002 жылы Қызылорда агро-техникалық колледжін «Малдәрігерлік санитария», 2010 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Денешынықтыру пәнінің мұғалімі» және 2019 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық универистетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 2004-2006 жылдары аралығында мал дәрігерлік пунктінде ветеринар-лицензиат, фельдшер болып қызметтер атқарған.
2006-2010 жылдары Қызылорда облыстық № 8 П.Д. Осипенко атындағы орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі.
2010-2012 жылдары Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
2012-2017 жылдары Арал аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы.
2017-2020 жылдары Арал аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы.
2020 жылдың 4 наурызынан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.