Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық жер қатынастар бөліміне жаңа басшы

Арал аудандық жер қатынастар бөліміне жаңа басшы

Арал ауданы әкімінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 241 өкімімен, Арал аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына Саттаров Ерлан Садуақасұлы тағайындалды.
Ерлан Садуақасұлы - 1979 жылы 19 тамызда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2000 жылы Қызылорда мемлекеттік гуманитарлық университетін «Экономист-менеджер», 2003 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Арал қаласы әкімі аппаратында әскери есеп столының инспекторы қызметінен бастаған.
2005-2006 жылдары Арал аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің бас маманы;
2006-2008 жылдары Арал аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
2008-2009 жылдары Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің «Жер KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы;
2009-2012 жылдары мемлекеттік жер ғылыми өндірістік орталығы Қызылорда еншілес мемлекеттік кәсіпорнының жетекші маманы, сектор меңгерушісі;
2012-2014 жылдары «Ақмешіт-Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері, директоры;
2017- 2019 жылдары Қосаман ауылдық округінің әкімі;
2019-2021 жылдары Арал аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары;
2021 жылдың 10 желтоқсанынан бастап осы кезге дейін Арал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 5 бала тәрбиелеуде.
"Толқын" ақпарат
07 қазан 2022 ж. 1 164 0