Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалды

Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалды

Арал ауданы әкімінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 86 санды өкімімен, Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына Жұбанов Жәнібек Жарасұлы тағайындалды.
Жұбанов Жәнібек Жарасұлы - 1980 жылы 16 ақпан Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2009 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетінің «Қаржыгер» мамандығын және 2018 жылы «Болашақ» университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын
1999-2000 жылдары аралығында Семей қаласындағы «Иртиш» АҚ-да бағдарламашы болып бастаған;
2000-2002 жылдары Семей қаласындағы «Дюкас» АҚ-да сату бөлімінің маманы;
2002-2003 жылдары Семей қаласындағы «№ 4 Нан зауыты» ЖШС-де маркетинг бөлімінің менеджері;
2006-2011 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының компьютер жұмыстары бөлімінде маман;

2011-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының инспекторы;
2012-2013 жылдары Арал аудандық қаржы бөлімінің бас маманы;
2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы;
2014-2015 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөлімінің басшысы;
2016-2017 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы;
2017-2018 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бадарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары;
2018-2019 жылдары Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы;
2019 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

"Толқын" ақпарат



06 сәуір 2021 ж. 1 316 0