Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒАЙЫНДАУ !!!

ТАҒАЙЫНДАУ !!!

Арал аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 30 маусымдағы шешіміне сәйкес аудан әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 140 санды өкімімен Арал қаласының әкімі лауазымына Тасқынбаев Амантай Батырқұлұлы тағайындалды.
Тасқынбаев Амантай Батырқұлұлы - 1964 жылы 27 наурызда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
1987 жылы «Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы зауыт» жоғары техникалық оқу орнын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы «Қызылордаэнергострой» құрылыс басқармасында шебер қызметінен бастаған.
1989-1992 жылдары ПМК-13 «Қызылордамелиорация» ПТО шебері, прораб қызметтерін атқарған;
1992-1993 жылдары Арал электротехникалық зауытында күрделі құрылыс бөлімінің басшысы;
1993-2006 жылдары «Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы» кәсіпорнының бас инженері;
2006-2008 жылдары «Арал» құрылысы салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясының «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбыры филиалы директорының орынбасары;
2009-2010 жылдары Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қазалы ауданы бойынша маманы;
2010-2012 жылдары «Казкомполис» сақтандыру компаниясы» АҚ менеджері;
2012-2013 жылдары «Базис» құрылыс компаниясының бас инженері;
2013-2014 жылдары Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы;
2014-2016 жылдары «Арал құрылысы» ЖШС бас инженері;
2016 жылдан бастап 2020 жылдың 30 маусымына дейін Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Жалпы еңбек өтілі 33 жыл.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
02 шілде 2020 ж. 890 0