ТОҒЫС ЖҰМАШЕВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

Саналы ғұмырында жақсылық атаулыны жанына серік еткен Тоғыс Махамбетжанұлы қай ортада болмасын өз ісінің шебері екендігін танытып, талай мәрте абырой биігінен көрініп, ауданның «Жыл демеушісі», «Үздік салық төлеушісі» атанды.
Еңбек жолын қала мектептерінде мұғалім мамандығынан бастаған ол, кейіннен «Арал» кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, аудандық комсомол комитетінің бюро, пленум мүшесі, Октябрь ауылдық кеңесінен депутат болып та сайланды.
Сонымен қатар, 1983-1987 жылдар аралығында аудандық ауыл шаруашылық басқармасында инспектор, қалалық құрылыс жөндеу мекемесінде шебер болды. 1987 жылдан «Қызылорда отын» мекемесінің Арал бөлімшесінде меңгеруші қызметін атқарған ағамыз 1998 жылдан өмірінің соңына дейін «Аралотын» ЖШС директоры қызметін атқарды.