Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒАЙЫНДАУ !!!

ТАҒАЙЫНДАУ !!!

Аудандық бірыңғай конкурстық комиссиясының 2020 жылғы 1 шілдедегі ұсынысына сәйкес "Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Есжанов Шерхан Жұбаханұлы тағайындалды.
Есжанов Шерхан Жұбаханұлы 1985 жылы 25 қаңтарда Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2006 жылы «Қ. Жұбанов» атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» және 2013 жылы осы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы «Ұлы қабырға» Қазақстан бұрғылау компаниясы» ЖШС мұнай және газ бұрғылаушысының көмекшісі қызметінен бастаған.
2011-2014 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы;
2014-2015 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
2015-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы;
2016 жылдан бастап 2020 жылдың 23 маусымына дейін Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Еңбек өтілі 9 жыл.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
02 шілде 2020 ж. 1 509 0