Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒАЙЫНДАУ !!!

ТАҒАЙЫНДАУ !!!

Аудандық бірыңғай конкурстық комиссиясының 2020 жылғы 1 шілдедегі ұсынысына сәйкес "Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына аудан әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 143 санды өкімімен Назаров Еркін Қуантқанұлы тағайындалды.
Назаров Еркін Қуантқанұлы - 1983 жылы 12 желтоқсанда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2005 жылы «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Арал қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған.
2009-2015 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы және бас маманы қызметтерін атқарған;
2015-2017 жылдары Атанши ауылдық округінің әкімі;
2017 жылдан бастап 2020 жылдың 23 маусымына дейін Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Жалпы еңбек өтілі 13 жыл.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

02 шілде 2020 ж. 1 092 0