Тағайындау
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1639477943_268261006_3145124969149201_757661601810326186_n.jpg)
Ренат Қуанғанұлы - 1979 жылы 16 қазанда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2000 жылы«Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001-2002 жылдарыАрал аудандық жастар орталығында бухгалтер, кеңесші қызметінен бастаған.
2002 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында Арал қаласы әкімі аппаратында әскери есеп столының инспекторы;
2002-2005 жылдары Арал қаласы әкімі аппаратының маманы;
2005-2006 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы;
2006-2009 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2009-2012 жылдары Арал ауданы әкімінің көмекшісі;
2012-2015 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы;
2015-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы;
2016 жылдан осы кезге дейін Арал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.