Тағайындау
Арал ауданы әкімінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 194 өкімімен «Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы лауазымына Қаратаев Жасұлан Ұзайырұлы тағайындалды.
Қаратаев Жасұлан Ұзайырұлы 1987 жылы 25 қазанда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2009 жылы Қызылорда көпсалалы гуманиттарлық-техникалық колледжін «Ақпараттық өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Болашақ» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Арал аудандық ішкі саясат бөлімінде методист болып бастаған.
2012-2018 жылдары аралығында Арал ауданы әкімі аппаратының инспектор-маманы болып жұмыс жасаған.
2018 - 2020 жылдары аралығында Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2020 жылдың ақпан-қараша айлары Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы;
2020 жылдың 26 қарашасынан осы кезге дейін «Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас инспекторы қызметін абыроймен атқарған.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.