Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 қарашадағы өкімімен, Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас инспекторы лауазымына Қаратаев Жасұлан Ұзайрұлы тағайындалды.

Қаратаев Жасұлан Ұзайрұлы - 1987 жылы 25 қазанда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2009 жылы Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжін «Ақпараттық өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша және 2014 жылы «Болашақ» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012-2018 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының инспектор-маманы болып бастаған.
2018-2020 жылдары Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2020 жылдан бастап осы кезге дейін Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 3 жыл.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

22 желтоқсан 2020 ж. 562 0

Ұқсас жаңалықтар: