Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданы әкімінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы өкімімен, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы лауазымына Жиеналиев Әділжан Ақәділұлы тағайындалды.

Жиеналиев Әділжан Ақәділұлы - 1988 жылы 9 қарашада Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2016-2018 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, бас инспекторы;
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр
Жалпы еңбек өтілі - 5 жыл.

22 желтоқсан 2020 ж. 437 0