Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданы әкімінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы өкімімен, Арал ауданы әкімінің көмекшісі лауазымына Нақылов Ержан Нақылұлы тағайындалды.

Нақылов Ержан Нақылұлы - 1988 жылы 22 қазанда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2010 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "заңгер" мамандығы және 2015 жылы Болашақ университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының аға сот приставы болып бастаған.
2012-2014 жылдары Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің жетекші маманы, бас маманы;
2017-2018 жылдары Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

Отбасылы, 1 бала тәрбиелеп отыр
Жалпы еңбек өтілі - 6 жыл.

22 желтоқсан 2020 ж. 699 0