Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда бөлімге жаңа басшы келді

Аралда бөлімге жаңа басшы келді

Арал ауданы әкімінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 267 өкіммен, Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Есжанов Шерхан Жұбаханұлы тағайындалды.
Шерхан Жұбаханұлы - 1985 жылы 25 қаңтарда Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округінде дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2006 жылы «Қ. Жұбанов» атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» және 2013 жылы аталған оқу орнында «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.
2011-2014 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы;
2014-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас маманы және бас инспекторы;
2016-2020 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы;
2020 жылдың 23 маусымынан бастап осы кезге дейін Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Отбасылы.

14 қараша 2022 ж. 763 0