Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

"Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы болып Азамат Алтайұлы тағайындалды.

Алтайұлы Азамат- 1993 жылы 2 қыркүйекте Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2015 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай газ ісі, техника және технология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы, 2016-2017 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы;
2017-2018 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2018-2019 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы;
2019-2020 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Отбасылы, 3 балатәрбиелеп өсіруде. Жалпы еңбек өтілі - 4 жыл.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

18 қазан 2021 ж. 406 0