Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы болып Нақылов Ержан Нақылұлы тағайындалды.

Нақылов Ержан Нақылұлы – 1988 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2010 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін Заңгер» мамандығы бойынша; 2015 жылы Қызылорда қаласындағы Болашақ университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы, 2011-2012 жылдары Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының аға сот приставы;
2012-2014 жылдары Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің жетекші маманы, бас маманы;
2015-2017 жылдары «М. Ажмалипова» жеке кәсіпкерлігінде заңгер;
2017-2018 жылдары Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2018-2020 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
2020-2021 жылдары Арал ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған.

Отбасылы, 1 бала тәрбиелеп өсіруде. Жалпы еңбек өтілі - 9 жыл.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

18 қазан 2021 ж. 371 0

Ұқсас жаңалықтар: